Боранбаев Назарбаевпен құдалығы, бизнесі мен шетелдегі мүлкі жайлы сұрақтарға не деп жауап берді?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстандағы ең ықпалды бизнесменнің бірі және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаев Азаттықта шыққан мақаладан соң тілшімізді Қарағандыдағы дәрі-дәрмек шығаратын зауытына шақырды. Азаттық мақаласында Боранбаевтың Қарағандыдағы фармкешені бюджеттен ақша алып, "Спутник V" екпесін шығаратынын жазған. Боранбаев байлығы, бизнесі, шетелдегі мүлкі жайлы сұрақтарға жауап берді. Тілшіміз одан "Назарбаевпен құдалығыңыз бизнесіңізге әсер ете ме?" деп те сұрады.