"Түйе қарға көміліп қалыпты". Шыңжаңда қар қалың түсіп, мал-жан қиындық көріп жатыр.

Your browser doesn’t support HTML5

Қытайдың Шыңжаң өңірінде соңғы бірнеше күн қар қалың жауып, мал-жан қиындық көріп жатқаны туралы видео көбейді. Кейбірі қора-қора малды тастап, адамдардың бас сауғалағанын айтады. Видеолардан жол жиегінде қатып қалған қойларды, омбы қарға көмілген түйені көруге болады.