Қираған көліктер мен ғимараттар. Көшедегі қарулы жасақ. 5-6 қаңтардағы жағдайдан фотогалерея

Алматыдағы Республика алаңындағы атыс. 6 қаңтар 2022 жыл.

Алматы әкімдігі алдында өртенген көлік. 5 қаңтар түс ауа Алматыда тәртіпсіздік күшейіп, белгісіз адамдар тобы қала әкімдігінің ғимараты мен әуежайға басып кірді. Қала әкімдігінің өртке оранғаны көрінетін видеолар тарады. Алматыда ондаған сауда орындары, дүкендер, банктер тоналғаны хабарланды. Тоқаев 6 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесі жиынында Алматыдағы шабуылға "террористік топтарды" айыптады. Бірақ ол айтқан "террористік топтардың" 2 қаңтардан бергі наразылыққа шыққандарға қатысы бар екеніне нақты дәлел жоқ. ​

Алматы әкімдігінің ішкі көрінісі. Қазақстан президенті "террористік бандиттер" деп атаған адамдардың кім екені белгісіз. Тоқаев оларды бұлай атауға қандай негіз болғанын, олардың қайдан келгенін, неге мұны "агрессия" деп есептейтінін анық айтпады. Кейінгі күндері Қазақстанда қандай да бір террорлық әрекеттер, әскери операция болып жатқаны жайлы ақпарат айтылмаған еді. 5 қаңтар 2022 жыл. 

Алматы әкімдігі 6 қаңтарда да жанып жатты. 

Алматыдағы сауда үйлерінің біразы қираған. 6 қаңтар 2022 жыл. 

Бірнеше телеарна мен ақпарат құралы орналасқан Республика алаңы маңындағы ғимарат та өртенді. 6 қаңтар 2022 жыл. 

Нұр-Сұлтандағы Ақорда маңында күзет күшті. Ел астанасында жағдай бірқалыпты. 6 қаңтар 2022 жыл. 

Республика алаңындағы әскерилер. 6 қаңтар 2022 жыл.

Алматы әкімдігінің ғимараты отқа оранған сәт. 5 қаңтар 2022 жыл. 

Алматыдағы Республика алаңына жиналған әскерилер. 6 қаңтар 2022 жыл. 

Отқа оранған көлік. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл. 

Алматыда бүлінген сауда үйлерінің бірі. 

Ішкі істер министрлігі елде қаза тапқан полицейлер мен солдаттардың саны 18-ге жеткенін хабарлады. Ұлттық гвардия мен полицияның 748 қызметкер зардап шеккен. 2298 адам ұсталған.

Министрлік қанша қарапайым адам қаза болғанын айтпады. Бұған дейін Алматы полициясы ондаған адам қаза тапқанын хабарлаған. Қаланың орталық алаңындағы атыс кезінде де қаза болғандар бар.

Алматының орталық алаңында өртенген көлік. 6 қаңтар 2022 жыл. 

Ресейлік әскерилер Мәскеу солтүстік шығысындағы Чкалов аэродромынан Қазақстанға ұшуға дайындалып жатыр. Елдегі жағдай қиындаған тұста Қазақстан президенті Тоқаев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұраған еді . 6 қаңтар 2022 жыл. 

Алматыдағы Республика алаңының маңы. 6 қаңтар 2022 жыл. 

Ресейлік әскерилер мінген ИЛ-76 ұшағы Қазақстанға ұшып шыққан сәт. 1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Оған негізінен Ресей үстемдік етеді. 6 қаңтар 2022 жыл.