Мәжіліс мақұлдаған "Саяси партиялар" және "Сайлау" заңын белсенділер сынады

Your browser doesn’t support HTML5

22 сәуірде Қазақстан парламентінің мәжілісі «Сайлау» және «Саяси партиялар» туралы конституциялық заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы заң жобаларын мақұлдады. Құжат бойынша, партияны тіркеуге міндетті мүше саны екі есе азайып, партияларды кандидаттар жасақтауда әйелдер мен жастарға кемінде 30 пайыз квота беруге міндеттейді. Жұмыс тобына қатысқан саясаттанушы «ұсыныстарым ескерілмеді» дейді. Азаттық сөйлескен белсенділер сөзінше, депутаттар азаматтық қоғамның негізгі талабын ескермеген.