Топтап тастау, телефонын тартып алу. Азаттық байқаған заң бұзу фактілері

Your browser doesn’t support HTML5

10 қаңтар, парламент сайлауы өткен күні, Азаттық тілшілері бірнеше заң бұзу фактісіне куә болды. Алматы облысындағы дауыс берушілердің кейбірі бірнеше бюллетеньді қатар тастады. Биліктегі "Нұр Отан" партиясының бақылаушылары мұны байқамаған сыңай танытты. Полиция ұстаған байқаушыны түсірмек болған шымкенттік тілшінің телефонын тартып алмақ болды. Нұр-Сұлтанда журналистің телефонынан полиция бірнеше видеоны өшіріп тастаған.