Қаңтар оқиғасында бейбіт адамдарға оқ атқан әскерилер жауапқа тартылған жоқ

Your browser doesn’t support HTML5

Қаңтар дүрбелеңі кезінде бейбіт адамдар күш құрылымдарының оғынан қаза тапты дейтін куәгер көп. Алайда ішкі істер министрлігі соның бірнешеуін ғана мойындап отыр. Министрлік Талдықорғанда 7 қаңтарда Қайрат Нұрғалиев пен Андрей Карпиленконы әскерилер атып тастағанын мойындаған. Олардың әрекеті қылмыстық кодекстегі "билігін асыра пайдалану" бабына сайкес келеді. 8 қаңтарда 15 жасар баласымен көлікте кетіп бара жатып оққа ұшқан ерлі-зайыпты Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаеваның туыстары да министрліктен осындай хат алған. 3 мамырда қорғаныс министрлігі бұл екі жағдай бойынша әскерилердің жауапқа тартылмағанын айтты.