"Ақша жетпей қалды". Аналар атаулы көмектің кешіккеніне алаңдайды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы облысы Қарасай ауданында он шақты көп балалы ана атаулы әлеуметтік көмектің екі айға кешігіп жатқанына шағымданды. Бұл он шақты ананың ғана емес, осы көмек түрін алып отырған үш мың 775 отбасының ортақ мәселесі болып шықты. Оған себеп аудан бойынша "әлеуметтік көмекке жоспарланған қаражат таусылған".