Консерватория жатақханасын жөндегендер жалақы ала алмай жүр

Your browser doesn’t support HTML5

Еңбекақысын даулаған бір топ жұмысшы Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жатақханасының жанына жиналды. Олар "оқу орны басшылығы жұмысты істетіп алып, ақшамызды бермей жүр" дейді. Ал оқу орнына кейін тағайындалған басшылық келісімшарттың заңды екеніне күмән келтіреді.