Прокурор қырғызстандық экс-депутатты 13 жылға соттауды сұрады

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда бес айдан бері өтіп жатқан сот процесінде прокурор "шекарадан заңсыз тауар өткізген" және "трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған" деп айыпталған Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулун 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл іс бойынша Асылбекуулунан өзге тағы 11 адамға айып тағылған.