Суық үйде ыстық суы бар ыдыс құшақтап жылынған қария

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда қаласы Ғани Мұратбаев көшесіндегі бес қабатты үйдің тұрғындары «жылу жөнді берілмейді» деп наразы. Олар үйдегі 99 пәтердің кейбіріне жылу мүлде жетпейтінін, соның кесірінен пәтер іші көгеріп, сыз тартатынына шағым айтады. Жылу болмаған соң электр пеш, газ қолданады, кейбірі тіпті ыстық су құйылған ыдысты құшақтап жатуға мәжбүр.