Тұрғындар "Нұр Отан" акциясына ілінбей қалғанына наразы

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорданың ондаған тұрғыны «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» акциясына енбей қалғанына наразы. Акция аясында тұрмысы төмен шаңырақтарға, жалғызбасты мүгедек жандар мен өзге де көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем беріледі. Билік партиясы акцияны коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайдан соң бастаған.