Қызылордалық көп балалы әйелдер көмек жоғына шағынды

Your browser doesn’t support HTML5

Мамырдың 4-і күні Қызылорда облысы әкімдігіне ондаған әйел келіп, үкімет карантин кезінде уәде еткен 42 500 теңге жәрдемақыны талап етті. Олардың сөзінше, көп балалы әйелдің кейбірі «Нұр Отан» партиясы тағайындаған 50 мың теңге көмекке де ілінбеген. Әкімдік алдына жиналғандар «карантин кезінде жұмыссыз қалып, азық-түлікті қарызға алып жүргенін» айтты. Азаттыққа пікір берген қала әкімдігінің өкілі «ешбір көмек алмаған әйелдердің аты-жөнін жазып алдық» деді.