Қызылорда полициясынан "таяқ жеген" белсенді шағымы бойынша тергеу басталды

Your browser doesn’t support HTML5

6 мамырда саяси талап жазылған плакат көтеріп, Қызылорда орталығындағы алаңға бара жатқанда ұсталған 48 жастағы белсенді Мұрат Баймағамбетов полиция "ұрып-соқты" деп шағым түсірді. Белсенді денесінің көгерген ізі әлі кетпеген. Үш күн өткен соң полиция белсендінің арызы тіркеліп, тергеу басталғанын хабарлады.