Балалар шипажайының мұғалімдері мен дәрігерлері 4 айдан бері айлық алмаған

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда облысының балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаторий қызметкерлері төрт айдан бері айлық алмағанын айтып, әкімдікке келді. Олардың сөзінше, мекемеге жабылып қалу қаупі төніп тұр. Санаторий басшылығы мұны жоққа шығарды, бірақ айлықтың қашан төленетінін айта алмады.