"Көше тас қараңғы". Қызылорда тұрғындары жол салып, жарық тартып беруді сұрайды

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда қаласы іргесіндегі "Байтерек" ықшам ауданының тұрғындары көшеге электр жарығы тартылмағанын, асфальт жол салынбағанын, қоғамдық көлік қатынамайтынын айтып шағымданды. Ал төрт жыл бұрын жергілікті билік ауданның инфрақұрылымын әзірлеуге 10 миллиард теңге жұмсалады деген.