Майғазиев белсендіні сотқа берді. Жемқорлық күдігіне ілінген шенеунік әнші қай сөзге "қорланған"?

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкент қалалық Мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев өзі жайлы видео жариялаған "Демократиялық партия" құрғысы келетін ұйымының белсендісі Аружан Дүйсенованы сотқа берді. Әншінің айтуынша видеода өз абыройына нұқсан келтіретін сөздер бар. Іске жауапты сот мекемесі шілденің сегізінде Майғазиевтің арызын негізді деп тапқан. Қос тарап арасындағы тыңдалым тамыз айының ортасына белгіленді.