"Азаматтық қоғамның аузын жабу". Бейүкіметтік ұйымдарға "билік қысымы"

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның салық органдары адам құқығын қорғайтын тәуелсіз ұйымдарды тексеруін тоқтатпады. Алда бірнеше ұйымның ісі сотта қаралмақ. Билік салық есебіндегі қатеге сілтеп, бейүкіметтік ұйымдарды "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыптаған. Құқық қорғаушылар мұны "қысым" деп бағалайды. Қаржы министрлігі істің "саяси астары жоқ" дейді.