"Машина сумен жүрмейді... Бензин бағасы өссе бәрі қымбаттайды"

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда кейінгі бір айда бензин тағы 10-15 пайызға қымбаттады. Жұрт көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензині сәуірде 160 теңге тұрса, қазір 170-177 теңгенің аралығында. Тұрғындар жанармай қымбаттаса, азық-түлік пен басқа тауарлар құны аспандап кетеді деп налиды.