Шыңжаңдағы туыстарына араша сұраған сегіз адамды полиция әкетті

Your browser doesn’t support HTML5

1 қазанда Нұр-Сұлтанда полиция Шыңжаңда қамалған туыстарына араша сұрап жүрген сегіз адамды уақытша түскен үйінің алдынан әкетті. Арнайы жасақ наразылардың бірінің талықсығанына да қараған жоқ, барлығын көлікке күштеп салып, белгісіз жаққа алып кетті. Әлгі адамды дәрігер қарады ма, жоқ па, белгісіз. ІІМ мен қалалық полиция департаменті полицияның азаматтарды не үшін ұстағанын, қайда апарғанын айтпады.