Назарбаевтан хабар жоқ, қызы "ауырып жатыр"

Your browser doesn’t support HTML5

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтан хабар жоқ. Қайда екені белгісіз. Ақорда "мемлекеттік төңкеріс, террористік шабуыл" деп атаған соңғы оқиғаларға байланысты ол әлі күнге дейін ешқандай мәлімдеме жасамады. Үлкен қызы, депутат Дариға Назарбаева да мәжілістің соңғы үш отырысына қатыспады. Көмекшілері оның "коронавирус жұқтырып, сырқаттанып жатқанын" хабарлады.