Депутат Берік Әбдіғали: 31 мамырда ту түсірілуі керек

Your browser doesn’t support HTML5

31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 20 ғасырда Cовет одағы қолдан істеген аштық пен Сталиннің репрессиясы кесірінен миллиондаған қазақ қырылды, қуғындалды, жер аударды. Қазақстанда оларды ақтау туралы заң 1993 жылы шықса да, аштық пен қуғынның зардабына тарихи, саси тұрғыда әлі толық баға берілмеді. Былтыр президент Тоқаевтың жарлығымен құрбандарды толық ақтау жөніндегі комиссия құрылған. Комиссия мүшесі, мәжіліс депутаты Берік Әбдіғали Азаттыққа қуғын көргендерді ақтауға кім, не кедергі екенін айтты.