Жалға беріліп кеткен жерлерді қайтару керек пе?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге сатпау және жалға бермеу туралы заңды мәжіліске жолдады. Бірер күнде арнайы құрылған комиссия өз жұмысын бастайды. Бірақ Қазақстанда бұған дейін ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мыңдаған гектарлап иеленіп алғандар бар. Осыған орай Азаттық мәжіліс депутаттарынан "осы азаматтар жерді мемлекетке қайтаруы керек пе?", "мәселе жаңа заңда қарала ма?" деп сұрады.