"Жасамаған әрекеті үшін қамауға болмайды"

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда оппозициялық топтар жоспарлаған митинг, шерулер алдында белсенділерді ұстау әдетке айналған. Алматының құзырлы органдары тіркелмеген “Демпартия” өкілдерінің 18 қыркүйекке белгілеген наразылық акциясы қарсаңында да осы әдеттен жаңылған жоқ. Топ белсендісі Ырысбек Тоқтасын 15 тәулікке қамалды. "Белсендіні әлі болмаған шара үшін жазалау дұрыс па?" деп депутаттардан сұрадық.