Сот шешіміне наразы тұрғынды полиция ұстады

Your browser doesn’t support HTML5

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда Ақорда алдында Павлодар облысы Екібастұз қаласының 58 жастағы тұрғыны Қуат Шәріпханов "жергілікті билік он жыл бұрын жерімді заңсыз тартып алды" деп, наразылық ретінде өзін-өзі өртейтінін айтты. Наразылық танытқан азаматты полиция "қоғамдық тәртіпті бұзды" деп, ұстап әкетті. Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Наталья Нефедова Азаттыққа Шәріпхановтың "әкімдік жерімді заңсыз тартып алды" деген сөзін жоққа шығарды.