Көп балалы аналар қаза тапқан бес сәбидің жылдығында ас берді

Your browser doesn’t support HTML5

5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап, ас берді. Оған жүзге жуық адам жиналды. Арасында әкімдік өкілдері де болды. Былтыр 4 ақпанға қараған түні астана маңындағы Көктал-1 ықшамауданында көмірмен жылынатын жер үйден өрт шығып, бір отбасының бес қызы қаза болған. ​Қайғылы оқиға қазақстандықтардың мемлекеттік әлеуметтік саясатқа қатысты ашу-ызасын туғызды.