Депутаттар коронавирустан қалай сақтанып жүр?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақтанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланған. Осыған орай үкімет, сенат пен кейбір мемлекеттік органдардың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Жиындар онлайн режимге көшетіндігі мәлім болды. Бірақ әр дүйсенбіде өтетін мәжіліс отырысы әдеттегі тәртіппен болды. Жиынға келген шенеуніктер мен журналистер үшін қандай сақтық шаралары жасалған? Елді дүрбелеңге салған вирустан депутаттар қалай сақтанып жатыр?