Карантинге байланысты жолаушылар әбігерге түсті

Your browser doesn’t support HTML5

Нұр-Сұлтан қаласында 19 наурыздан бастап күшіне енетін карантинге байланысты жолаушылар әуре-сарсаңға түсіп жатыр. Кейбірі күні бұрын алған билетін кері өткізуге жанталасса, кейбірі “жолға шыға алмай қаламыз ба” деп алаңдайды. “Қазақстан темір жолы” компаниясы 22 наурызға дейін жолаушы тасымалдау тоқтамайтынын айтады.