"Әблязовтың тапсырмасымен келсеңіз, кете беріңіз". ЖСДП оралдық белсендіні қатарына қабылдамады

Your browser doesn’t support HTML5

Өткен аптада Францияда тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарын ЖСДП (Жалпыұлттық социал демократиялық партия) қатарына өтуге шақырған. Саясаткер осы арқылы билікті әшкерелемек. Партияның өкілі де "кез келген адамды қатарымызға қабылдаймыз" деп уәде берген еді. Бірақ Оралдағы партия филиалы жергілікті белсендіні қабылдамай қойды.