Сталиннің портретін сөккен алматылық белсендіні полиция шақыртты

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы полициясы белсенді Диана Мұхаметованы «Билік өкілін қорлау» бабымен ашылған қылмыстық іс бойынша шақыртты. Іске белсендінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қарата айтқан балағат сөзі себеп. Оны қолдауға жиналған белсенділер полицияның митингіде күш қолданғанына шағынды.