Баласының өліміне полицейлерді кінәлайтын ананың аштық жариялағанына 31 күн болды

Your browser doesn’t support HTML5

Петропал қаласының тұрғыны, 61 жастағы зейнеткер Ирина Рейбант 31 күннен бері аштық акциясын өткізіп жатыр. Бұл - оның жергілікті полицияға наразылығы. Сөзінше, құзырлы орган қызметкерлері соққыға жыққан соң ұлы оңалмай, бірнеше айдан соң көз жұмған. Зейнеткер полицейлердің қылмыстық жауапқа тартылғанын қалайды.