"Үй суық, еден мұздай". Мемлекеттік бағдарламамен баспана алғандардың шағымы

Your browser doesn’t support HTML5

Петропавлда "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған үйлер сатылмай тұр. "Сонечный-2" деп аталатын жаңа ықшам ауданда 80-нен артық жер үй салынған. Тұрғындар ешқандай инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандар жоқ ауданнан баспана алудан бас тартып жатыр. Ал сатып алғандар "үйдің сапасы сын көтермейді" деп наразы.