Курамшин үйіне оралды

Your browser doesn’t support HTML5

Түрмеден босаған азаматтық белсенді, құқық қорғаушы Вадим Курамшин жексенбі кешкісін Петропавлға жетіп, отбасымен қауышты. Ол 2012 жылы «Жамбыл облысы Қордай ауданы прокурорының көмекшісін бопсалады» деп айыпталып 12 жылға сотталған. Өскемен қалалық соты Курамшинді мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырып, белсенді 17 тамыз күні бостандыққа шыққан. 19 тамыз 2018 жыл.