"Үйден қуып шығамыз дейді". Петропавлда театр актерлері пәтерден айырылуы мүмкін

Your browser doesn’t support HTML5

Петропавлда Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актерлері 10 жылдан астам тұрып келген үйлерінен айрылуы мүмкін. Облыстың бұрынғы әкімі 19-ықшам ауданда орналасқан "Дәрігерлер үйінен" өнерпаздарға баспана кілтін салтанатты түрде табыстаған. Енді актерлардың сөзінше, денсаулық сақтау басқармасы бұл үйлерді кері қайтарып алғалы отыр.