Оппозициялық топтар сайлауға бойкот жариялауға шақырады. Депутаттар не дейді?

Your browser doesn’t support HTML5

10 қаңтарға белгіленген сайлау қарсаңында оппозициялық күштердің бір тобы саяси науқанға бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Бірақ келесі бір топ өзін Қазақстандағы тіркелген жалғыз оппозиция деп есептейтін Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы құрамына кіріп, сайлауға баруға шақырып жатыр. Азаттық тілшісі мәжіліс депутаттарынан "Оппозицияның бұл әрекетіне қандай баға бересіз?" деп сұрады.