"Мемлекетті хаосқа жібермеген..." Парламент жиынында Тоқаевқа айтылған мадақтар

Your browser doesn’t support HTML5

Дүйсенбі, 14 наурыз күні парламент мәжілісінде қаңтар оқиғасына арналған тыңдау өтті. Жиынға депутаттардан бөлек бас прокурор, ішкі істер министрі, жемқорлық күрес қызметінің жетекшісі және қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссиялардың жетекшілері қатысты. Мәжіліс залында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мадақ айтқандар көп болды.