Рамазан Есіргепов аштық жариялап отыр

Your browser doesn’t support HTML5

"Журналистер қауіп-қатерде" қоғамдық ұйымының жетекшісі Рамазан Есіргепов Қазақстан билігінен жер мәселесіне орай қарсылық акциялары кезінде қамалған белсенділерді қудалауды тоқтатуды талап етіп, 20 маусымнан бастап аштық жариялады. Сонымен қоса ол Қазақстан билігі БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитетінің құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға, "Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті, түрмеде отырған Мұхтар Жәкішевке және өзіне қатысты шығарған шешімдерін орындамай отырғанын айтады. Алматы, 21 маусым 2016 жыл.