Қытайда “ДНҚ-сы өзгерген балаға” қатысты құпия тәжірибені тексереді

Your browser doesn’t support HTML5

“ДНҚ-сын өзгерту арқылы сау баланың дүниеге келуіне көмектестім” деген қытай ғалымы Хэ Цзянькуй 28 қарашада Гонгконгта өткен шарада бұл еңбегі үшін "мақтанатынын" жеткізген. Ол 26 қарашада видеомәлімдеме жасап, ата-анасы ВИЧ-ке шалдыққан ерлі-зайыптының балаларының сау туылуына көмектескенін айтқан. Ал Қытайдың денсаулық сақтау бойынша ұлттық комиссиясы ғалымның тәжірибесінің қаншалықты заңды екенін тексеретінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, ғалым тәжірибесін құпия жасаған. Шамамен 100-ден астам ғалым адам эмбрионындағы гендерді өзгертудің аса қауіпті екенін, сонымен бірге этикаға қайшы келетінін айтып, ашық хат жазған.