Украина Ресей азаматтарының елге кіруіне тыйым салды

Your browser doesn’t support HTML5

Украинаның шекара қызметі 30 қарашадан бастап ел аумағына 16 мен 60 жас аралығындағы ресейлік ер азаматтардың кіруіне тыйым салды. Украина президенті Петр Порошенконың айтуынша, бұл шаралар украина территориясында жекелеген әскери жасақтардың құрылуына тосқауыл жасайды. Керчь бұғазындағы оқиғаға қатысты қазіргі кезде Украинаның он облысында әскери жағдай жарияланған. 25 қарашада Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, екі әскери кеме, бір буксирді ұстаған. Екі ел бір-бірін "оқиғаға кінәлі" деп айыптады. Сарапшылар бұл жанжал екі ел арасындағы жағдайды бұрынғыдан да ушықтырып жібергенін айтады.