Оқу басталар қарсаңда базарда халық көп, зат қымбат...

Your browser doesn’t support HTML5

Жаңа оқу жылының маңызды мәселелерінің бірі – мектеп формасы. Пандемияға байланысты биыл білім және ғылым министрлігі оқушыларға мектеп формасымен бірге классикалық стильдегі киім киюге рұқсат берді. Тамыздың басында қабылданған бұл шешімнен кейін көп ата-ана базар мен сауда орталықтарын аралап, киім іздеп әлек. Баға өскен, соған қарамастан пандемия жағдайындағы Алматы базарларында адам қарасы көп.