Семейде коронавирусты анықтайтын зертханаларда ұзын-сонар кезек пайда болды

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысының ірі қалалары - Семей мен Өскеменде Covid-ті анықтайтын тест орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болды. Соңғы талапқа сәйкес, облыс аумағына кіріп-шығу үшін коронавирус жұқпағанын дәлелдейтін ПТР-тест керек. Бұл талап жайлы кеш құлақтанған халық тест орталықтарына ағылған.