"Үкімет дұрыс жұмыс істегенде күйеуім тірі болар еді"

Your browser doesn’t support HTML5

Арыста қару-жарақ қоймасы жарылған кезде мерт болған Панабек Есмағамбетовтің жесірі Жұпар Есмағамбетова «үкіметтің салғырттығын» кінәлап, әлеуметтік жәрдем сұрайды. Жұпардың күйеуі 55 жастағы Панабек Есмағамбетов маусымның 24-інде Арыстағы оқ-қару қоймасы жарылған кезде үйінен әйелі және баласымен бірге қашқан. Жол-жөнекей снаряд тиіп, қансырап, қайтыс болған. Марқұмның денесін жедел-жәрдем қызметі Ордабасы ауданындағы мәйітханаға жеткізген. Туыстары оның қайтыс болғанын екі күннен кейін білгендерін айтады. Маусымның 26-сында Шымкенттегі «Ақмешіт» мешітінде жаназасы шығарылған Панабек Есмағамбетов қаладағы зираттардың біріне жерленді.