"Баламды моргтан табамын деп ойламадым". Қаңтар оқиғасында ұлынан айырылған ананың зары

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкентте қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған 18 жастағы Ерлан Аяз Көкшетаудағы колледждің 3- курсында оқыған. Тәжірибеден өту үшін Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Көктерек ауылына келіп, Шымкентте уақытша жұмыс істеп жүрген. Оған кім, қайда, қашан оқ атқаны үй-ішіне белгісіз. 7 қаңтар күні кеудесі мен басына оқ тиген ұлын анасы Жазира Тұрдықұлова мәйітханадан тапқан. Қапыда ұлынан айырылған ана оқ атқан адам жазасыз қалмаса екен дейді.