"Перваштар қайда, қанша ақша берді?" Степногорск мектебіндегі оқушылар төбелесінің анық-қанығы

Your browser doesn’t support HTML5

12 қарашада Ақмола облысының Степногорск қаласындағы олимпиада резервін дайындайтын арнайы спорт мектеп-интернатында оқушылардың бірін-бірі ұрып, ақша бопсалаған видеосы тарады. Оқиға 21 қазанда болған. Жергілікті билік видео желіге жарияланған соң ғана оқиғаға назар аударған.