Тәжікстанға көмек көрсету орынды ма? Сарапшымен сұхбат

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан Тәжікстанға жыл соңына дейін гуманитарлық көмек ретінде 100-ге жуық тыныс алу аппараттын жолдамақ. Үкіметтің бұл шешімін сынаушы көп. Елде короновирус жұқтырғандар мен пневмонияға шалдыққандар күн санап көбейіп жатыр. Дәрі-дәрмектен бөлек ауруханаларда өкпесі қабынған адамдарға қажетті тыныс алу құрылғысы тапшы. Алайда Азаттық тілшісі сөйлескен сарапшы "мұқтаж елге көмек көрсету ақылға қонымды" екенін айтады.