Мұғалімдер әкімшілікті "ақша жинайды" деп айыптап, Тоқаевтан араша сұрады

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкент қаласында екі жыл бұрын ашылған № 125 жалпы орта мектебінің бірнеше мұғалімі мектеп әкімшілігінің жөнсіз ақша жинайтынын айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағынды. Олардың сөзінше, мұғалімдер мектептегі пердеге де, қосымша сағат алу үшін де айлығынан ақша беруге мәжбүр. Наразы топты 9 қарашада білім басқармасы басшысы жиналысқа шақырды.