Аптаның үздік жеті хикаясы

Полиция көшеге келген адамдардың бірін ұстап жатыр. Алматы, 9 мамыр 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"ҚДТ бағдарламасын қолдайтын" көпбалалы ананың үстінен іс қозғалды

9 мамырда Алматыда ұсталған 30 жастағы Оксана Шевчуктің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Төрт баласы бар Шевчук «тыйым салынған ұйымның қызметіне араласты» деген күдікке ілінді. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Әділ сайлауды қалайтын жастар тәуелсіз бақылау ұйымын құрды

Қазақстандық бір топ жас кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында "Next.kz" тәуелсіз бақылаушылар желісін құрды. Олар еріктілер жинап, сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің құқығы бұзылмауын қадағаламақ. Азаттық тілшісі сайлаудың әділ өткенін қалайтын жастар құрған ұйымның жұмысымен танысты. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Студенттер үміткерге қол жинауда "заң бұзылғанын" әшкереледі

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қол жинау кезінде "штабы заң ережесін бұзған" деп хабарлаған президенттікке кандидат ресми түрде тіркелді. Заң бұзылғаны белсенді студенттердің арқасында анықталды. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

Назарбаевты мектеп партасынан білетін сайлау емтиханшысы

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді іріктегенде белгілі бұрынғы топ шенеунік һәм әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбеков лингвистикалық комиссия төрағалығына оралды. Бұл қызметті бұған дейін де бірнеше рет атқарған ол сынға да ұшырап, марапат та алған еді. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

Жеңіс күні белсенділерді ұстап, интернетті бұғаттады

Мамырдың 9-ы күні Қазақстанда бірқатар вебсайттар мен әлеуметтік желі бұғатталып, белсенділерді полиция ұстады. Бұған дейін елде тыйым салынған қозғалыс өкілдері жақтастарын қарсылық акциясына шығуға шақырған. Алматыда Жеңіс күніне орай билік ұйымдастырған "Мәңгілік полк" шеруі жалғасып жатқан кезде полиция азаматтарды ұстады. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Your browser doesn’t support HTML5

Полиция адамдарды қалай ұстады?

Эрика Марат: "Полиция азаматтық қоғамы мықты елде реформаланады"

Вашингтондағы ұлттық қорғаныс университетінің профессоры Эрика Марат Азаттыққа полицияны реформалау қандай жағдайда мүмкін болатынын, неге Қазақстан сияқты елдерде полиция халық емес, билік мүддесі үшін қызмет ететінін, полицияға халықпен "бірге болуға" не кедергі екенін айтып берді. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Мәңгілік полк", полиция және Амантай қажы

9 мамырда Алматыда "Мәңгілік полк" шеруі өтті. Ұйымдастырушылардың дерегінше, шеруге шамамен 120 мың адам қатысқан. Шеруге келгендер бет алған 28 панфиловшылар паркінде полиция мен арнайы жасақ өкілдері көп болды. Алматы 9 мамыр күнін қалай атап өтті?

"Мәңгілік полк", полиция және Амантай қажы