Студенттер Тоқаев форумына "еріксіз келгендерін" айтады

Your browser doesn’t support HTML5

Маусымның 7-сі күні Нұр-Сұлтанда «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаушылар форумы өтті. Шараға Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Форумға жүздеген студент қатысты. Кейбір студенттер форумға мәжбүрлі түрде келгенін айтады. Бірақ “Нұр Отан” мен университет оқытушылары мұны жоққа шығарады.