Тоқаевтар отбасының шетелдегі байлығы, Швейцариядағы үйлері

Your browser doesn’t support HTML5

Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы мүшелерінің Швейцария банкінде шот ашып, қомақты қаржы сақтағанын әшкереледі. Бұл ғана емес, Британияның Виргин аралдарында да офшор компания ашып 5 миллион доллар актив ұстаған. Зерттеуде Женева қаласындағы Тимур Тоқаевтың үш үйі туралы да айтылады.