"Басыма пакет кигізді". Полициядан азап көрдім деген тұрғын әділдік сұрап, күресіп жүр

Your browser doesn’t support HTML5

Түркістан облысының тұрғыны Нұрболат Өмірбеков полиция істемеген қылмысты мойындату үшін азаптады деп, ұрып-соққандарды жауапқа тартқызу үшін күресіп жүр. Ол Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігіне арызданып жүріп, полиция басқармасындағы бақылау камераларының видеосын алған. Түркістан полициясы қылмыстық іс қозғалғанын айтады.