Ашулы жүргізуші, шаршаған жолаушы. Алматыдағы кептеліс мәселесі қашан шешіледі?

Your browser doesn’t support HTML5

Оқу жылы басталғалы алматылықтар таңертең және кешке көлік кептелісі күшейгенін айтып, желіде жиі шағымдана бастады. Күн сайын қалаға 300 мыңдай көлік кіріп-шығады. Осы тақырыпты зерттеп жүрген сарапшы сөзінше, кептелістен құтылу үшін қала маңындағы ірі елдімекендерге электр пойызы қатынау керек.